OeTTINGER FESTIVAL 2015

ары қарай оқу

Қазақстанның байырғы сыра өндіру зауытының сайтына қош келдіңіздер!

Міне, 150 жыл бойына біз классикалық рецептілер мен сыра қайнату дәстүрлерін сақтай отырып, сіздер үшін дәмді сапалы сыра өндіріп келеміз. Азғантай лектермен өнім өндіру бізге оның сапасын бақылауға әрі сізге тек қана жаңа сыра ұсынуға мүмкіндік береді.

Біз әркез алғашқы қатарда болуға ұмтыламыз. Алыстағы 1858 жылы негізі қаланған «Бірінші Сыра зауыты» Қазақстанның сыра өндіру саласының дамуына серпін берді. Біз тауар маркасын бүгінде де жоғары ұстап келе жатқанымызға бек қуаныштымыз: 2013 жылғы қайта жаңғыртқаннан кейін біздің компания республикадағы заманауи сыра өндірушіге айналды.

Озық технологиялар мен рецептура, сондай-ақ өз ісіне деген сүйіспеншілік біздің кәсіпқойлар тобымызға сізді бей-жай қалдырмайтын өнімдер өндіруге мүмкіндік береді. Сыраны құрметтейтіндердің талғамынан шығып үлгерген біздің сорттарымыз бірегей рецептурамен өндірілген әрі ашық танылған дәмі мен хош иісі бар. Мәселен, «№ 1 Сыра зауыты» сортына біз мияның үш түрі мен құлмақтың екі түрін пайдаланамыз, олар өнімге нәзік хош иіс пен қанық дәм береді.

Біз әрдайым сізге өз өндірісімізді көрсетуге әрі ол туралы айтуға қуаныштымыз – бізге сауалдар қойыңыз немесе топсаяхатқа келіңіз, сізден мұнда осынау көбікті сусынның өндірілу құпиясымен танысып, біздің үздік сорттармызды бағалай аласыз.

Сіздерге уақытыңызды пайдамен өткізуді әрі нағыз қалаулы сырамен ләззаттануыңызды тілейміз!

Выигрывайте призы на наших страницах в Facebook и Instagram.